пистолет

Тақырып осындай енді. Бұл туралы көп ойламаймын, бірақ бүгін есіме түсіп кеткені...

Қараңғы түн. Санаулы секундттар... сенің шекеңе тақалады. Мұздай екенін сезесің, пистолет екенін ұғынасың. Мұндайда не ойлауға болады?

Негізі бұл сәтте ұзақ ойлануға уақыт жоқ, әрекет ету керек. Сан миллион ойлар зуылдап өте шығады, солардың дұрыс-ау деген біреуіне, бәлкім бірнешеуіне жармасасың. Салқындық - бұл сенімділіктің белгісі, қорқынышқа орын жоқ.

Ештеме ұстап тұрған жоқ, өз еркің өзіңде. Не барсың, не жоқсың - бұның алып бара жатқан айырмашылығы жоқ. Оны мен жақсы білем. Көзді тастай жұмып, еңіреп жылаудың да қажеті шамалы. Қайта тынысың кеңейіп, көзің оттай жанады. Қызық.

Қарулы бейтаныс қарсылас қорқынышты емес. Бұл бір тәтті сезім: одан биіксің, қайта ол сенен қорықсын!

Енді ойланып отырсам, бұны басымнан өткергенім қандай жақсы болған. Ештеме өзгеріп кете қойған жоқ, бірақ белгілі бір жайттар айқындала түседі. Өкініш жоқ, өмір өткінші. Қару қандай суық болса, оның көздеген адамы да сондай суық. Ол - мен. 

25 марта, 5:59
330

Ойсерік

Ой. Ол менімен үнемі бірге. Таңертең тұрғанда кешегі ойларды еске түсіріп, соның дұрыс-бұрысын таразыға салумен басталады да, әрі қарай ойға ой қосып, ойлау кеңістігі кеңейіп кете береді.

Қазір не ойлап отырмын? Терезеде сығалап тұрған толық айға көзің түседі... бетіндегі үлкен үш дақ: екеуі көз, үшіншісі - аңырайған ауыз секілді. Жақынырақ барып қарайсың, бәз бір көзілдірікте телескоп бардай... Негізі бұл жерде ақылға сиярлық ой да жоқ, болмашы бірдеме.

Кейде небір ойлар келеді ғой, әсіресе өзіңмен-өзің жалғыздыққа беріліп, түннің үлесін үгітіп отырғанда... Олар, әдетте, күнделікті күйбең тіршілікте келе қоймайтын, сондай бір ұялшақ, сығалап келетін ойлар. Мен оларды жақсы көремін. Олар жаңалық алып келеді, тіпті көзқарасыңа қайшы, одан бетер радикалды болып түседі. Ол аз десеңіз, ойыңда орнығып алады да, соны түзетулер енгізеді, болмаса жаңаша көзқарас қалыптастырады, ізденіс туғызады.

Ойыңа ерік берсең болғаны, ұйқың қашып соның жетегінде кетесің. Әдеттегі жағдай. Кейде ұйқының басын жалғап, өліара күй кешесің. Оятып алады да, мидың бір түкпіріне тіркетіп қояды. Не болмаса түсіңе кіріп, жалғасын ертесіне ғана есіңе түсіресің. Неге олай деп ойлайсың, кейде ойыңнан ұяласың да, оны жерлей саласың. Сенімсіздік?

Олар сұрақ туғызады. Түн ұзаққа созылатын сияқты...

23 марта, 5:59
482

Вакансия: STAN журналистерді жұмысқа шақырады/ приглашает журналистов

Stan.kz видеопорталының қазақ қызметіне Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін кәсіби, тәжірибелі журналистерді жұмыс істеуге шақырамыз. Азаматтық позициясы бар, өз кәсібін сүйетін, телевидение, интернет саласын меңгерген, жазу қабылеті мықты жур…налистер болса, төмендегі электронд…ы поштаға резюмелеріңізді жіберіңіздер: zhuldyzt@mail.ru

Видеопорталу Stan.kz в казахскую службу требуются опытные журналисты для работы в регионах Казахстанта в том числе Атырау, Актобе, Актау, Чимкент, Астана и Алматы. Тот, кто любит свою профессию и уверенно в себе, пожалуйста, отправьте свои резюме по адресу: zhuldyzt@mail.ru

4 декабря, 1:15
744

Что мне не нравится?

Ненавижу ложь. Не нравится пустая болтовня. Я ненавижу сплетни. Не нравится скупость и бережливость людей. Не люблю цинизм. Я не люблю, когда плюют в душу. Не одобряю насилье. Ненавижу подлость. Не терплю излишнее любопытство. Не нравится глупость. Не люблю жалость. Я против диктатуры. Я не люблю…

19 ноября, 4:04
393